Тері ауруларының алдын алуға болады

Бүгінде тері қатерлі ісігі жаһандық проблемалардың біріне айналған.

Ал оның пайда болуы мен дамуын тежеуге болады. Бұл туралы Астана өткен дерматолог мамандардың VIII Еуразиялық конгресі барысында айтылды. Астана медициналық университеті ұйымдастырған шараға жиналған ғалымдар, тері ауруларын емдеудің заманауи тәсілдерімен бөлісті. Дерматологиялық дерттерді емдеу үшін жаңа технологияларды енгізу қажет, дейді. Себебі дертті уақыт созбай анықтау, оң нәтижеге кепіл. Конгреске әлемнің 15 елінен 70-ке жуық білікті маман келіп, өзара тәжірибе алмасты. 

Камалжан Надыров, Астана медицина университетінің басқарма төрағасы:

- Соңғы жылдары елімізде тері ауруларын емдеудің жаңа тәсілдері енгізіле бастады. Дерматологиялық дертті диагностикалаудың инвазивті емес әдістері қолданылады. Осы арқылы тері қатерлі ісігін ерте сатысында анықтауға мүмкіндік бар. Бүгінгі жиында мамандар әлемдік тәжірибе мен тері ісіктерінің шағын хирургиясы сынды әдістерімен бөліседі.

Гүлнар Батпенова, жоғары санаттағы дерматовенеролог:

- Тері аурулары өте күрделі проблемаға айналды. Бұл дерттің түрі көп. Кейбірі түбегейлі емделмейді. Сондықтан осындау аурулардың алдын алу мен оның емдеу жолдарын үнемі жетілдіріп отыруымыз қажет. Бұл тұста біз әлемдік тәжірибеге сүйеніп отырамыз.