Франциямен қылмыстық істер бойынша көмек туралы шарт жасалады

Қазақстан мен Франция арасында қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек туралы шарт жасалады.

Бұл туралы Франция Үкіметінің ресми өкілі хабарлады. Италия, Испания, Ұлыбритания сияқты бірқатар Еуропа елдерімен мұндай шарт бұрыннан бар. Әдетте бұл құжат тергеу, мүлікті іздестіру және қылмыстық істер бойынша құжаттарды, соның ішінде банк мәліметтерін алу ісінде көмек береді. Сол себепті Қазақстаннан заңсыз шығарылған активтерді қайтару ісінде бұл шартты ратификациялау аса маңызды. Еске салайық, бұған дейін Бас прокурор шетелдік юрис-дикциялардан 575 миллион доллар актив елге қайтарылғанын мәлімдеді.

Оливье Веран, Франция үкіметінің ресми өкілі:

- Сыртқы істер министрі Франция мен Қазақстан Республикасы арасындағы қылмыстық істер бойынша халықаралық заң көмегі туралы шартты ратификациялау туралы заң жобасын ұсынды.