Қарағандыда алғашқы қазақ тілді қуыршақ театры ашылды

Труппасы кілең жастардан құралған Темірбек Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясының түлектері. Тетар ұжымы әзірге Сәкен Сейфуллин атындағы облыстық академиялық қазақ драма театрының сахнасында өнер көрсетеді. Кейін жеке шаңырақ болып шықпақшы. Жылына шамамен 4-5 туындыны сахналаймыз деген жоспарлары бар. Жаңа театрдың шымылдығын «Кішкентай құтан мен Қарақшы» ертегісінің премьерасы ашты. Кішкентай көрермендер керемет әсер алды.

Айдын Салбанов, театрдың көркемдік жетекшісі: 
- Бүлдіршін балаларды тәрбиелейміз. Балаларымызға ұлттық қасиеттерімізді, ұлттық құндылықтарды сіңірудің бірден-бір керек жолы осы қуыршақ театры деп білеміз. Енді алдағы уақытта қуыршақ театры тек қана балаларға арналған қойылымдармен айналысады деп айтпаймыз. Ересектерге арналған әлемдік классикалардан, қазақы классикалардан болуы мүмкін. Қазақы заманауи драматургиядан қойылымдар қойылатын болады.