Астана форумына сарапшылардың дайындығы жоғары

Астана халықаралық форумына қатысушылардың қатарында мәдени және креативті индустрияларды дамыту саласындағы халықаралық сарапшылар да бар, деп хабарлайды «Хабар 24».

Солардың бірі – британиялық маман Дэвид Перриш. Ол – оқыту семинарлары мен мазмұнды еңбектері арқылы көпке танылған бизнес-кеңесші. Әлемнің 60-тан астам елінде жұмыс істеген. Алқалы жиында Перриш табысқа жету үшін бизнес пен шығармашылықты ұштастырудың ұтымды жолдарын айтып, құпиясымен бөліспек. .

Дэвид Перриш, бизнес-кеңесші:

- Форум көшбасшылар мен сарапшылардың басын қосады және кейбір көкейкесті әлемдік проблемаларды шешудің практикалық жолдарын ұсынады. Жиында мен жаһандық креативті экономикада шығармашылықтың маңыздылығы және жаңадан пайда болып жатқан трендтер мен сын-тегеуріндер туралы сөз қозғаймын. Бұдан бөлек, үкімет пен мемлекеттік ұйымдар шығармашыл кәсіпкерлерді қалай қолдай алатынын және халықаралық байланыстарды қалай кеңейтуге болатынын айтамын.