ШҚО-да өрт қаупі өршіп тұр

Елдің Шығысында аптап ыстыққа байланысты өрт қаупі өршіп тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әсіресе Алтай, Қатон-Қарағай аудандары мен Риддер қаласының аумағында ахуал күрделене түсуі мүмкін. Қазір қауіпті деген 77 орын анықталды. Сол себепті құтқарушылар туристерге орманға шықпауды ескертеді. Онда от жағуға тыйым салынды. Оқыс оқиғалардың алдын алу үшін қарағайлы ормандарда патрульдік кезекшілік ұйымдастырылды.

Марина Лискова, ТЖД баспасөз хатшысы:

- Өрт қаупі жоғары кезеңде 46 мобильді топ жағдайды бақылауда ұстайды. Осы күнге дейін өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзған 30 адам анықталды. Олар әкімшілік жауапқа тартылды.