Тазы мен төбеттің иесі қазақ екенін әлемдік деңгейде дәлелдеу керек – Кинолог

Тазы және төбет иесі қазақ екенін әлемдік деңгейде дәлелдеу керек.

Осыған байланысты Қазақстан Халықаралық кинология федерациясының мүшелігіне толықтай өтпейінше мәселені шешу оңай болмайды. Бұл туралы "Қазақстан кинологтар одағы" қоғамдық бірлестігінің президенті Бауыржан Серікқали айтты. Аталған ит тұқымдарының қазақтікі екенін жер-жаһан біледі. Бірақ бұл жеткіліксіз. Барлық дерек ғылыми-сараптама мен ресми құжаттарға негізделуі қажет. Жуырда қазақстандық делегация Бельгиядағы халықаралық федерация басшылығымен кездесіп, қауымдастық құрамына кіру туралы өтініш тапсырды. Нақты шешімі биыл тамыз айында белгілі болады.

Бауыржан Серікқали, "Қазақстан кинологтар одағы" ҚБ Президенті:

– Тазы мен төбеттің қазақы ит тұқымы екенін дәлелдеу үшін ең әуелі қаны бұзылмаған, басқа иттермен будандаспаған, біртекті болуы шарт. Сонымен қатар тұқымы үзіліссіз 3 төлге ұласуы тиіс. Бұған қоса жүйелі қалыптасқан стандарт болуы керек. Бұл халықаралық ұйым талабы.