12 маусым – Жалпыұлттық аза тұту күні

Бүгін – Жалпыұлттық аза тұту күні.

Алапат өртте қайтыс болған Семей орманы резерватының 14 қызметкерін еске алу мақсатында кеше Президенттің арнайы Жарлығы шықты. 

Айта кетейік, бұл – ел тарихындағы 12-ші аза тұту күні. Былтыр Қаңтар оқиғасы кезінде 238 адамның қаза болуына байланысты 10 қаңтарда қаралы күн жарияланған еді. Аза тұту күнінде елдің барлық аймағында Мемлекеттік ту төмен түсіріліп, ойын-сауық хабарлары тоқтатылады.