Елде өртке қарсы техниканы жаңарту қолға алынады

Абай облысындағы алапат орман өрті елдегі өрт сөндіру жүйесінің тиімсіз екенін көрсетті.

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевтың айтуынша, мұндай оқиға елде жыл сайын болады. Алайда құрылымдар арасында үйлесімділік пен тәртіп әлі жоқ. Сондықтан саладағы жүйені түбегейлі өзгерту керек. Келесі жылға арналған бюджетті қараған кезде осы бағытқа айрықша көңіл бөлу керек. Нақтырақ айтсақ, депутаттар техниканы жаңарту бойынша ведомстваның өтінімін қолдауға дайын.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

- Жүздеген миллиард доллар бөлінетін. Біз олардың тиімді пайдаланылуын, мақсатты жұмсалуын, нәтижесі болуын қамтамасыз етуіміз керек. Егер осы бағдарламаны қабылдап, келесі жылы тағы осындай жағдайға тап болсақ, бәріміз оған жауапты боламыз.