ІІМ: банкке шабуылдаған қаскөй ұсталды

Астана қаласындағы Kaspi Bank ғимаратына қарумен кіріп, қызметкерлерді  кепілге алған қаскөй ұсталды.

Бұл туралы Ішкі істер миинистрлігі мәлімдеді. Оқиға орнында «Арлан» арнайы жасағы жұмыс істеген болатын. Олар ғимаратқа басып кіргеннен кейін кепілге алынғандар толық босатылды. Банк қызметкерлерінің де, қаскөйдің де денсаулықтарына зақым келмеген.