«Туған елге саяхат» туристік пойызы жолға шықты

«Туған елге саяхат».

Астанадан осындай атаумен патриоттық-танымдық пойыз еліміздің көрікті жерлеріне аттанды. Туристік балалар пойызы Қазақстанның 7 өңіріне барады. Биылғы жазғы демалыста 10-15 жас аралығындағы 600 жас жолаушы туристік пойызбен тегін саяхаттайтын болады. Олар шығармашылық байқау жеңімпаздары мен көп балалы және аз қамтылған отбасылардың балалары.  Балалар Астана – Байқоңыр – Түркістан – Алматы – Бурабай – Астана бағытына жол тартады.

Ләззат Сүлеймен, Әйелдер істері және ОДС жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының орынбасары:

- Президент Түркістанда бізге қазір ең басты міндет отансүйгіш жастарды тәрбиелеу деген. Олар өз елін, тарихын білген кезде болады. Сондықтан осы тапсырманың бір орындауы ретінде 600 бала тегін елімізді аралауға мүмкіндік алып отыр.  Бұл саяхатқа қарапайым еңбек адамының балалары, көп балалы отбасының, аз қамтылған отбасылардан шыққандар. Олар үш бағытта болады.