Үкімет тауар бағасын қалыптастыруға араласпайды

Бағаны мемлекеттік реттеу жүйесі алынып тасталады.

Үкімет тауар қозғалысын бақылап, бағаны қалыптастыруға араласпайды. Бұл жайында Қостанайда тұрғындарымен кездесу кезінде Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Арман Шаққалиев мәлімдеді. 

Толық нарықтық жүйеге көшу кезең-кезеңмен жүргізіледі. Бірінші кезекте азық-түлікпен тұрақтандыру қорын жасақтау тәртібі өзгереді. Енді әлеуметтік маңызы бар 19 тауардың 9-ы отандық өндірушілерден тікелей сатып алынады. Бұл мақсатқа Үкімет 100 миллиард тенге бөліп отыр. Одан кейін субсидия алатындар өз өнімдерін ішкі нарықта өткізуге міндетті болмақ.

Арман Шаққалиев, ҚР Сауда және интеграция бірінші вице-министрі:

- Мысалы, қостанайлық өндірушілер субсидия алады, олар өздерінің шығарғарған өнімдерін осы аудандық нарықта сататын болады. Оны біз қазір «Қазақтелеком» арқылы инфроқұрылым, жүйе дайындадық. Сол арқылы қарайтын боламыз. Осы қарсы міндеттеме алды ма, жасады ма, қалай болды деп. Оны білетін боламыз.