Еліміздің 13 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Елдің алды өнім жинап, мәре-сәре болып жатқанмен алдағы апта шаруаға жайсыз болайын деп тұр.

13 өңірде дауылды ескерту жарияланды. Аптаның басында бұршақ аралас жаңбыр жауып, жел күшейеді. Әсіресе, Алматы және Ақмола облыстарында жауын-шашын болады. Батыс пен шығыста желдің екпіні секундына 20 метрге дейін жетуі мүмкін. Қызылорда мен Түркістан облыстарында және Шымкентте найзағай ойнап, құмды дауыл тұрады. Солтүстікте де жаңбыр жауып, жел күшейеді.