Қарағанды тұрғындары медицина қызметкерлерінің жұмысын бағалайды

Қарағанды тұрғындары сауалнамаға қатысып, медицина қызметкерлерінің жұмысын бағалайды.

Кейін соның нәтижесі бойынша аурухананың кем-кетігі дұрысталып, дәрігерлердің біліктілігі тексеріледі. Сауалнаманы жаңадан тағайындалған ақ халатты комплаенс-офицер жүргізеді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы арнайы қызметкер әзірге Мақажанов атындағы ауруханада жұмыс істейтін болады. Сауалнама сұрақтары әлеуметтік желілерге және ұйымның сайтына жүктеледі.

Еркін-Дәуір Құрманғалиев, Мақажанов атындағы көпсалалы аурухананың директоры:

- Офицерлер ауруханамыздың ең осал тұсын тауып, оны дер кезінде оңалтуға, жалпы медициналық қызметтің сапасын арттыруға көмектеседі деп сенеміз. Әрі сыбайлас жемқорлық қылмысының жолын кесетін болады.