Кентаудағы 58 адам астан ұшынды

Оның 21-і бала. 2 әйел жүкті екен.

Қазір сол адамдар тамақ ішкен дәмхана уақытша жабылды. Қылмыстық іс қозғалды. Зертханаға тиісті сынамалар жіберілді. Тексеріске облыстық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің мамандары жұмылдырылған.

Айгүл Тұрсынбекқызы, Кентау қалалық ауруханасының бөлім меңгерушісі:

- Кентау қалалық жұқпалы аурулар бөліміне 27-28 маусым күндері "Ризық Раяна" дәмханасына суши, лаваш, чикен, пицца жеген 58 науқас медициналық көмекке жүгінді. Оның 39 науқасы, ішінде 21 бала, 18 ересек, 2 жүкті әйел стационарлық емге жатқызылды. 19 науқас амбулаторлық бақылауға қайтарылды. Науқастардың барлығы жағдайы орташа ауыр. Динамикада жағдайлары тұрақты жақсарумен.