Шетел асқан қаржы қашан қайтарылады?

Бюджет қаражатын бармақ басты, көз қысты жолмен жымқырып, шетел асырғандарға тықыр таянды.

Бүгін Сенат заңсыз алынған активтерді елге қайтару туралы заң жобасын мақұлдады. Елден жылыстаған қаржы екі жолмен қайтарылмақ. Дәлірек айтсақ, заңсыз алынған активтер мәжбүрлі және ерікті түрде алынады. Мәжбүрлеп қайтару Қазақстанның, шет мемлекеттердің сот актілері немесе олардың құзыретті органдарының шешімдері негізінде жүзеге асырылады. Бас прокуратура өкілдерінің хабарлауынша, заңсыз шығарылған активтерді қайтаруы тиіс адамдардың тізімі қыркүйек айында белгілі болуы мүмкін.