Елордада құрылысы ұзаққа созылған 30-дан астам тұрғын үй биыл тапсырылады

Елордада құрылысы ұзаққа созылған 30-дан астам тұрғын үй биыл қолданысқа беріледі.

Осылайша 4 мыңға жуық үлескер көптен күткен пәтеріне қол жеткізеді. Қала әкімі Жеңіс Қасымбек бүгін орталық коммуникациялар қызметінде берген есебінде осылай деді. Әкім бұған дейін құрылысы мерзімінен кешіккен 150-ден астам тұрғын үй кешенінің 120-сы тапсырылғанын айтты. Қалған нысандарды салу осы жылы аяқталады. Әкімдік заң талаптарын орындамайтын, үлескерлерден қаражат қабылдауға құқығы жоқ құрылыс компанияларының «қара тізімін» жүйелі түрде жариялап отыруға ниетті.