Атырауда жүргізушілерден 50 млн теңге айыппұл өндірілді

Атырауда айыппұлын төлемей жүрген жүргізушілерден 50 млн теңге өндірілді.

Өңірде 7 маусымда басталған «Борышкер» жедел профилактикалық іс-шарасы барысында 1600-ге жуық азаматтың жалтарып жүргені анықталды. Айыппұл төлемегені үшін 428 көлік айып тұрағына жеткізілді. Полиция көлік иелеріне қаржыны уақытында төлеу керегін ескертеді.

Ғарифолла Тайшыбаев, облыстық ПД Әкімшілік полиция басқармасының бөлімше бастығы:

- Уақытылы айыппұлын төлемеген тұлғаларға қатысты жеке сот орындаушылармен көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынады, жеке шоттары бұғатталады, сонымен қатар шетелге шығуға тыйым салынады.