Атырау мұнай өңдеу зауыты жұмысын тоқтатқан жоқ

Елде 3 мұнай өңдеу зауыты жұмысын тоқтатқаны туралы ақпарат – жалған.

Энергетика министрлігі тұрғындарды желіде тараған қауесетке сенбеуге шақырды. Ал Атырау мұнай өңдеу зауытының технологиялық және қосалқы нысандардың жұмысы апат салдарынан уақытша тоқтатылғаны рас. Қазір олқылық жойылып, зауыт іске қосылды. Тұрғындар үшін жанар-жағармай қоры жеткілікті. Шымкент мұнай өңдеу зауыты Аи-95 бензинін шектеулі деңгейде шығарып жатыр. Қайта генерациялау жұмыстары 14 шілдеде аяқталады. Бұнда да алдағы уақыт үшін жанармай қоры жеткілікті. Павлодар мұнай өңдеу зауытына тоқталсақ, онда жоспарлы жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр, зауыт 19 шілдеде іске қосылады. Жергілікті халық үшін жанар-жағармай тапшылығы болмайды. Ел бойынша да қор жеткілікті.

Шыңғыс Ілиясов, ҚР Энергетика министрінің кеңесшісі:

- Қазіргі уақытта елдегі ЖЖМ (мұнай базаларында, МӨЗ жолдарында және резервуарларында) жиынтық қорлары:

- автобензин АИ-92 – 351 мың тонна, бұл елдің 23 тәуліктік қажеттілігін жабуға жеткілікті;

- Аи-95 – 46 мың тонна (15 тәулік);

- дизель отыны – 520 мың тонна (29 тәулік).

Ағымдағы ЖЖМ қорлары елдің қажеттілігін толық көлемде қамтамасыз етеді және Шымкент және Павлодар МӨЗ-дері жөндеуден шыққан сәтке дейін жеткілікті.

Бұқаралық ақпарат құралдары мен жұртшылықтан жасанды шу шығармауды сұраймыз.