Атырау облысында жағдай тұрақталды

Атырау мұнай өңдеу зауытында электр энергиясын беру қалпына келтірілді.

Технологиялық қондырғылар кезең-кезеңімен іске қосылып жатыр, деп хабарлайды Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі. Естеріңізде болса, кеше Атырау мұнай өңдеу зауытына сырттан келетін электр энергиясы жүйесінде апат болып зауыт жұмысын тоқтатып, қала жарықсыз қалған болатын. Қазір Атырау облысында жағдай тұрақталды.