Шымкентте құрылысқа салғырт қараған мердігер айыппұл төлейді

Шымкентте үй құрылысына жауапсыз қараған мердігерлер енді 334 миллион теңге айыппұл төлейді.

Тұран және Шымсити шағын аудандарындағы жаңа үйлердің тұрғындардан шағым түскен. Үйлердің қабырғасында жарықшақ пайда болып, жертөлесі көлкіп тұр. Кей үйдің жоғарғы қабатына ауыз су көтерілмейді. Ал мердігер компаниялар кепілдік мерзімі бола тұра, кем-кетікті түзеуге құлықсыз. Ескертуді елемеген 10 мердігер «қара» тізімге ілінді. Енді олар екі жыл бойына мемлекеттік сатып алу конкурстарына қатыса алмайды. Құрылыс басқармасының басшысы шаһардағы 160 көпқабатты үйдің сапасын жіті бақылап, тексеріс жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Мадияр Байымбетов, қалалық құрылыс басқармасының басшысы:

- Бірінші активировать етеміз. Оған белгілі бір уақыт береміз. Міне сіздің АКТ қағазыңыз, кемшілігіңіз жұмыс істеңіз деп. 10-15 күн. Егер ол орындалмаса келісім-шартқа сәйкес штраф саламыз. Міні сол айыппұлдың көлемі бойынша біз былтырғы 2022 жылдың қорытындысымен 111 миллион теңге штраф салдық. Ал биылғы жылы дәл осы 6 айда кепілдік мерзіммен 334 миллион теңге штраф салып отырмыз.