С. Күдебаевқа көмектескен ҰҚТ мүшесі ұсталды

Қырғызстанда Серік Күдебаевқа қашуға көмектескен қылмыстық топтың мүшесі ұсталды.

Ол Джалал-Абадтағы қонақ үйлердің бірінде жасырынған. Көрші елдің ҰҚК хабарлағандай, Чач лақап атымен танылған азамат Қазақстанның ІІМ есепте тұрған. Тінту барысында күдіктіден 10 грамм есірткі зат анықталды. Қазір ол Джалал-Абад облысындағы тергеу изоляторына қамалды. Еске салайық, Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаев қаңтар оқиғасы бойынша айыпталып, 10 жылға бас бостандығынан айырылды.