Елордада «Open air» концерті өтіп жатыр

Елорданың 25 жылдық мерейтойы кең көлемде аталып өтіп жатыр.

Түске дейін Астанада түрлі мерекелік шаралар ұйымдастырылды. Ал қазір «Open air» концерті өтіп жатыр. 

Әл-Фараби Серіков, тілші:

- Мерекені сезініп жатырмыз. Қала күніне орай ұйымдастырылған «Open air» концертіне келген тұрғындардың саны өте көп. Елімізге белгілі әншілер өз репертуарларындағы танымал әндерді орындап жатыр. Атмосфера ерекше.

«Open air» концерті әрі қарай жалғасады. Тұрғындар эстрада әншілерінің орындауындағы сүйікті әндерін тыңдап, уақыттарын көңілді өткізе алады.

Авторлары: Әл-Фараби Серіков, Мейрам Жүнісов.