Қазақстанда екінші деңгейлі нарықтағы баспана бағасы арзандай түсті

Маусымда бағаның төмендеуі, еліміздің алты бірдей қаласында байқалды.

Олардың ішінде Көкшетау, Ақтау мен Алматы бар. Ұлттық статистика бюросының дерегі бойынша, екінші деңгейлі нарықтағы баспананың ең қымбаты Талдықорғанда тіркелген. Өзге қалалаларда оның құны айтарлықтай өзгермеді. Жалпы баспана бағасы, ақпаннан бері сол қалпында. Ал өткен айда бір шаршы метрдің құны 487 мыңға дейін түскен. Қазір оның бағасы жыл басындағымен салыстырғанда 2 процентке арзандау. Ал жаңадан салынып жатқан үйлерде пәтер құны керісінше, 0,2%-ға өсті. Әсіресе, Семей, Шымкент, Ақтау мен Талдықорғанда баға өсімі байқалады. Сондай-ақ, Астанадағы баспана бағасы Алматымен салыстырғанда қымбаттау. Дегенмен, екінші деңгейлі, нарықтағы ұсыныс Елордада арзанырақ келеді.