СҚО-да шабындық көбелегі көбейіп кетті

Зяинкестер Мағжан Жұмабаев пен Қызылжар аудандарының 10 ауылында тіркелді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір бұл елді мекендерде улау шаралары қолға алынды. Оны шаруалар өзі жүргізеді. Мамандардың айтуынша, жұлдызқұрттың қаптауына күннің күрт ысуы себеп болған. Тағы бір болжам, көрші Ресей елінен ұшып келуі мүмкін. Жәндік бау-бақшамен қатар егін алқаптарына да түскен. Шаруаларға дер кезінде нұсқау беріліп, қауіптің беті қайтты. Қазір жағдай тұрақты. Бірақ көп ұзамай көбелектер екінші рет жұмыртқа салуы мүмкін, - дейді мамандар. 

Қабиден Сәдуақасов, «Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» СҚОФ жетекшісі:

- 40 күннен кейін құрттың, жұлдызқұрттың тағы да пайда болуы мүмкін. Бірақ та біз осы ауылдарда тағы да болады деп айта алмаймыз, ол көбелектер, қалың көбелектер басқа жерге ұшып барып, сол жерде жұмыртқасын салып, негізінен бір көбелек 600-ге дейін жұмыртқа салады.