Елде кәмелеттік жасқа толмағандарға жәбір көрсеткендерге кешірім болмайды

Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық жасағандар үшін де жаза күшейтілді.

Бұдан былай балаларға қатысты жыныстық қылмыс жасағандарға шартты айыптау және шартты-мерзімінен бұрын босату тәсілдері қолданылмайды. Тіпті, тараптар татуласса да қылмыстық іс жабылмайды. Керісінше, дерек тіркелген мерзімнен бастап «ерекше қадағалау» механизмі іске қосылады. Бұл туралы бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиевамен кездескен Бас прокурор Берік Асылов хабарлады. Сондай-ақ, прокуратура кәмелеттік жасқа толмағандардың арызына сәйкес тексеріс жүргізе алады. Өз кезегінде балалар омбудсмені балаларды қорғау тетіктерін күшейту бойынша ұсыныстарын жеткізді. Жетімдер мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды қорғау туралы да атап өтті. Кездесу соңында тараптар біріге жұмыс істеуге келісті.