Аз қамтылған отбасылардың коммуналдық шығындарының бір бөлігі өтеледі

Басты шарт – төлем алушының меншігінде бір ғана баспана болуы керек.

Немесе ол мемлекеттік тұрғын үй қорынан, баспананы жалға алушы болуы тиіс. Биыл Үкімет енгізген өзгерістерге сәйкес, коммуналдық қызметтерге жұмсалатын сома отбасының немесе азаматтың бір айдағы жиынтық табысының 10%-нен асатын болса, тұрғын үй көмегі беріледі. Қолға алынған шаралар аз қамтылған азаматтарға қаржылық жүктемені азайтуға бағытталған. Биылғы жарты жылда 31 мың отбасыға 630 млн теңгеге көмек көрсетілді.