Түркістан облысында жер қойнауына зиян келтіргендер ұсталды

Түркістан облысында жер қойнауын заңсыз пайдалану тыйылмай келеді.

Полицейлер мен табиғат қорғау инспекторлары бір айда 27 факт тіркеді. Оңай олжаға кенелгендер ұсталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар 70-тен аса ауыр техника айып тұрағына қойылды. Жиналған іс құжаттар экология департаментіне жолданып, қоршаған ортаға келген залал есептеліп жатыр. Полиция департаментінде жыл басынан бері заңсыз кен орындарын ашып, топырақ, құм және шағал тас өндіріп келгендерге қатысты 4 қылмыстық іс қозғалды. 

Бейбарыс Тәжен, Арыс АПБ патрульдік полиция тобының инспекторы:

- Арыс аумағында табиғатқа залал келтірушілерді анықтау мақсатында рейдтік іс шаралар ұйымдастырылды. Нәтижесінде 15 жүк автокөлігі арнайы жеткізіліп, әкімшілік шара көрілді. Экология департаментіне заңды шара қолдану үшін жолданды.