Павлодар облысында орман өртінің аумағы ұлғайды

Павлодар облысындағы "Ертіс орманы" резерватындағы орман өртінің аумағы ұлғайды. 

ТЖМ мәліметінше жалын шарпыған аумақ 850 гектарға жеткен. Қазір Павлодар облыстық Төтенше жағдай департаментінің өрт сөндірушілері мен орман шаруашлығының қызметкерлері 3 учаскеде тілсіз жаумен күресуде.  Оған бас-аяғы 350 адам мен 75 техника бірлігі жұмылдырылды. Тікұшақтармен өрт аймағына жалпы көлемі 75 тонна болатын 15 рет су құйылды. Елді мекендерге төніп тұрған қауіп жоқ. Жағдайды бақылау үшін Төтенше жағдай министрлігі мен облыс әкімі өрт аумағын тікұшақпен аралап көрді.