Қазақстанның 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Елдің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болып жаңбыр жауады.

Бүгін Астана мен Алматыда күндіз найзағай ойнап, жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Абай облысының оңтүстігінде 37 градусқа дейін күн ысиды. Өрт қаупі сақталады деп хабарлады "Қазгидромет".