Қонаев қаласында елімізде алғаш рет халықаралық әуе шарлары фестивалі басталды

Әлемнің бірқатар елінен жеткен отыз аэростат аспанға көтеріліп, көрерменге естен кетпес әсер сыйлайды.

Елдің ішкі туризмін дамыту мақсатында өткен шараны Алматы облысының әкімдігі ұйымдастырды. Оған 60 мың адам келеді деп жоспарланып отыр. Көпбалалы отбасы мүшелеріне, балалар үйінің тәрбиеленушілеріне әуе шарда ұшу тегін. Бағдарлама бойынша би жарысы, түрлі эстафеталық байқаулар мен спорттық ойындар өтеді. Кешкісін эстрада жұлдыздарының қатысуымен мерекелік концерт қойылады.

Айбар Теменов, Алматы облыстық туризм басқармасының басшысы:

- Күміс алқа, алтын алқа семьялары тегін ұша алады. Интернаттан келген балалар тегін ұша алады. Қалғандары билетті сатып алады. Немесе әртүрлі ойындар болады. Сол ойынды жеңген нәтижесінде билет беріліп ұшады.