Бүгін Шымбұлақ курорты уақытша жабылды

Бұған дейін Кіші Алматы өзенінің Тұйықсу альп-лагері тұсында сел жүріп өткен еді.

Тілсіз жау жаяу жүргіншілерге арналған көпірді бұзып, су тарату желісін істен шығарды. Бұл туралы демалыс орнының әкімшілігі әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады. «Сел салдарынан Шымбұлақтағы сумен жабдықтау желісі жұмысын тоқтатты. Қазір біздің мамандар су тарату жүйесін лай мен батпақтан, топырақ пен тастан тазарту жұмыстарын жүргізіп жатыр» делінген хабарламада.