Атырау облысында 202 адам қызылша ауруын жұқтырған

Атырау облысында 202 тұрғын қызылша ауруын жұқтырған.

Оның басым бөлігі 14 жасқа дейінгі балалар. Ал 19 адамнан алынған сынама әлі зерттеліп жатыр. Мамандардың сөзінше, қызылша жұқтырғандардың 10 проценті ғана екпе алған. Ал қалғаны вакциналаудан бас тартқандар мен уақытында екпе алмағандар. Қазір науқастармен қарым-қатынаста болғандар тексеріліп жатыр. Өңірде қызылша ауруының өршуі соңғы рет 2019 жылы тіркелді. Сол кезде 774 науқас анықталды. Ал соңғы екі жылда қызылша ауруы тіркелген жоқ.

Гүлдана Бейсенбайқызы, облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті бөлімінің бас маманы:

- Бөртпе шыққаннан кейін 4 күн мен 28 күн арасында бұйрық бойынша қан сынамасы апарылады зертханаға. Сол зертханамен расталады. Расталған жағдайда біз есепке аламыз. Қызылша аурушаңдылығы кезінде індетке қарсы шаралар жүргізілетін бұйрық бойынша біздер қарым-қатынаста болған адамдарды учаскелік медициналық ұйым тарапынан бақылауға алынады. Үйінде екпе алмаған осы жасқа дейінгі адамдар екпемен егіледі.