Елде репродуктивті денсаулыққа арналған мектеп ашылады

Елде жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығына арналған медиа мектеп ашылады.

Сайтта жыныстық сауаттылыққа қатысты мәлімет жарияланады. Өңірлерде еріктілер жұмыс істейді. Олардың міндеті - оқушылар мен ата-аналарға гинекологиялық тақырыптарда ақпарат ұсыну. Қазірдің өзінде Астана қаласы мен Қызылорда облысында 100 ерікті дайындықтан өтті. Олар кеңес беруге әзір. Сонымен қатар, анонимді телеграм арна ашылды. Ол жерге де репродуктивті денсаулыққа қатысты сұрақтар жолдауға болады.

Қанат Мырхайдаров, жоба жетекшісі:

- Біздің мақсат жастар арасында ақпараттың жетіспеушілігін азайту. Алдын алу болып саналады.