«Азия дауысы» қайта оралды. LIVE

«Азия дауысы» музыкалық фестивалі қайта жанданды.

Халықаралық байқау «Медеу» мұз айдынында 1990 жылдан 2005 жылға дейін тұрақты өтіп, Орталық Азиядағы ең танымал, беделі жоғары  музыкалық фестивальге айналды. Кейін түрлі себептерге байланысты тоқтап қалды. Енді міне 20 жылға жуық үзілістен кейін өнерсүйер қауыммен қайта қауышты. 

Бүгін Алатаудың баурайын әсем ән тербейтін күн. Бұл күнді әсресе алматылықтар көптен күтті. Барлығыңыз жақсы білесізде Алматы-өнер мен мәдениеттің ордасы. Міне келіп жатқан халық та есеп жоқ. Осыдан бір сағат бұрын «Азия дауысы» фестивалі ресми түрде ашылды. Қатысушылар қызыл кілеммен жүріп өтті. Фестиваль үш күнге жалғасады. Алғашқы күні аты аңызға айналған A-Studio тобының мюзиклі көрсетіледі. Саханаға бірінші болып қазақ өнерінің аңызына айналған жезтаңдай әнші Бибігүл Төлегенова шығады. Алғашқы күнде қазақ эстрадасының  әртістері - Молданазар, RaiM, Ерке Есмахан, Мирас Жүгінісов, Мархаба Сәби, Ирина Кайратовна сияқты өнерпаздар шығады. Бірінші күнгі концерт таңғаларлық дрон шоуымен аяқталады. Фестивальдің екінші күні – сахнада Американың БЛЭК АЙД ПИИС тобы көрермендер алдына әлемді таң қалдыратын хиттарын орындайды. Фестивальдің үшінші және соңғы күні ұрпақтар сабақтастығы идеясын қозғайды. Роза Рымбаева, Нағима Есқалиева, Жәмилә Серкебаева, Еркеш Шәкеев, Медеу Арынбаев, Ерлан Көкеев ән айтады. Жаңа өзің айтып өткендей бұл байқау соңғы рет 2005 өткен екен. Өзінің тарихында оған 100-ден аса мемлекеттен әншілер қатысқан. Өнер фестивалінің сахнасында қаншама тілде ән шырқалды десеңізші. Фестивальда поп, рок, джаз, фольклорлық музыка дейсіз бе барлығы шырқалған.Атап айтсақ, Патрисия Каас, Тото Кутуньо, Boney M, Алла Пугачева, София Ротару, «Ялла» мен «А-Студио» қонақ болған. Тіпті, осы фестиваль­дің Бас жүлдесін жеңіп алған Филиппин әншісін әуежайдан өз елінің президенті күтіп алғанын жақсы білеміз. Тағы мынадай дерек бар. 1998 жылы халықаралық фестивальді ұйымдастырушылардың федерациясы «Азия дауысына» әлемдегі ең үздік фестиваль атағын берді. Оның бұдан да өзге сыйлықтары бар.  Фестивальдың негізін қалаған Мұрат Ерғалиев пен режиссер Александр Пономаревты да еске алғанымыз жөн болар.

Фестиваль кезінде қосымша автобус бағыты іске қосылады. Ол сағат екіден түнгі дейін жүретін болады. Бір бағытқа жүру құны 150 теңге.