Павлодарда өрт сөндіру бөлімдерінің саны артады

Мамандандырылған нысандар жаңадан салынып жатқан шағын аудандарда бой көтереді.

Қазір жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр. Алғашқы жаңа өрт сөндіру бекеті 30 мың халқы бар шағын ауданда салынады. 12 көлікке шақталған нысан келер жылы  ашылады деп жоспарланған. Тағы біреуі Достық  ықшам аудынының аумағында орналаспақ. Осылайша, өзге бекеттердің жүктемесі азаяды. Мамандардың айтуынша, Павлодар үшін төрт өрт сөндіру бекеті тым аз. Өрт қаупі кезеңінде мамандар тілсіз жаумен күресу барысында қиындықтарға тап болады. Облыс орталығына қарасты Павлодарское ауылында да өрт сөндіру бөлімшесін салу жоспарда бар.

Жасұлан Жұмашев, облыстық ТЖД бастығы:

- Талап бойынша облыс орталығында 10 өрт сөндіру бөлімшесі болу керек. Қазір өз күшімізден бір нысанды ашпақпыз. Ал келер екі жылда қос мамандандырылған ғимарат салынып, қолданысқа беріледі. Қазір Усолка шағын ауданында бой көтеруі тиіс бөлімшенің жобасы мемлекеттік сараптамадан өтуде. 1,2 гектарлық жерді ресімдеу шаралары басталды.