Ақмола облысындағы лагерьлерде көп олқылық анықталды

Ақмола облыстық прокуратурасы жүргізіп жатқан кешенді тексерудің алдын-ала нәтижесі жарияланды.

Оған сай бірнеше олқылық анықталған. Өңірдегі кей лагерьде балаларға тиісті нұсқаушылардың бақылауынсыз шомылуға рұқсат етіліпті. Нысандардың енді бірінде бір мезгілде нормадан көп балаға қызмет көрсетілген. Тағы бір лагерьде жұмыс істейтін 18 қызметкердің еңбек шарты мен санитарлық кітапшасы болмай шықты.

Мамандар тексеру әлі де жалғасатынын ескертті. Кейін анықталған олқылықтар бойынша шара қабылданады.