Қарағандыдағы улану оқиғасы тергеліп жатыр

Елімізде балаларға арнаулы медициналық-әлеуметтік қызмет көрсететін мекемелер жаппай тексеріледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Аймақтарда осындай 84 ұйым бар.

Айта кетейік, Бас прокуратура өкілдері Қарағанды облысында балалардың улану оқиғасына қатысты тергеу басталғанын хабарлады. Қылмыстық кодекстің: «ауыр зардаптарға әкеп соққан санитарлық ережелерді бұзу» бабы бойынша іс қаралуда. Тиісті сараптама тағайындалды. Енді жауапты тұлғалардың әрекетіне құқықтық баға беріледі.