Ақтөбеде қаржы пирамидасын құрғандар ұсталды

Ақтөбе облысында қаржы пирамидасын құрған 2 азаматқа қатысты тергеу басталды.

Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады. Күдіктілердің тұрғылықты мекенжайынан айғақ заттар, техника құралдары тәркіленген.

Әлібек Әбділов, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі:

- Азаматтарды кіріс алу үшін компанияға тіркелуге шақырған 2 азаматқа қатысты «Sincere Systems» қаржылық пирамидасын құру және басқару бойынша істі агенттіктің Ақтөбе облысы бойынша департаменті тергеп жатыр. Ұйымдастырушылардың тұрғылықты жерінде тінту жүргізіліп, кеңсе техникасы (компанияның заңсыз қызметіне қатысты құжаттар, келісім-шарттар, жарнамалық құралдар, презентациялар) тәркіленді. Тергеу амалдары жүргізілуде. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілуге жатпайды.