Түркияда апаттан зардап шеккендердің алтауы елге қайтады

Түркияда жол апатынан зардап шеккен 11 қазақстандықтың алтауы емханадан шығарылды.

Олар бүгін түнде елге оралады. Ал 5 азамат дәрігерлердің бақылауында қалып, қажетті ем алуын жалғастырады. Дәрігерлер олардың жағдайы қанағаттанарлық-дейді. Барлық емдеу шығындары сақтандыру полистері арқылы төленеді.Қазақстандық дипломаттар қайтыс болған азаматтың туыстарына қажетті көмек көрсетуде. Тиісті құжаттарды рәсімдегеннен кейін отандасымыздың денесі жақын арада елге жеткізіледі. Айта кетейік, 2 күн бұрын Түркияның Алания қаласында қазақстандық туристер мінген автобус апатқа ұшыраған болатын.