Жезқазғанда «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ филиалы ашылды

Енді ұлытаулық кәсіпкерлер мемлекеттік бағдарламалар мен жеңілдетілген несиелерге өтінім беру үшін ірі қалаларға барып әуреге түспейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жезқазғанда «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының» филиалы ашылды. Облыста 19 мыңнан астам бизнес нысаны тіркелген. Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде жыл басынан бері шамамен 7 млрд теңгені құрайтын 182 жоба қолдау тапты. 

Жаңадан ашылған «Даму» қорының бөлімшесіне күнделікті 10-нан аса кәсіпкер кеңес алуға келеді. Осыған дейін 111 кәсіпкердің субсидия мен кепілдік бойынша өтініші мақұлданды.

Мұрат Бапаев, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ басқарма төрағасының орынбасары:

- Көбінесе бізге сауда саласында істейтін кәсіпкерлер келеді. Екінші орында ол ауылшаруашылықтан келетін кәсіпкерлерге қолдау көрсетеміз.