Елімізде 200 мыңнан астам оқушыға ақшалай көмек берілді

Биыл оқушылардың мектеп формасы мен оқу құралдарын сатып алуға жалпыға бірдей білім беру қорынан 18 млрд 700 млн теңге бөлінеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әрбір білім алушыға арналған қаражаттың ең төменгі мөлшері  40 мың 567 тг болып тағайындалды. Бұған дейін бөлінген сома 17 мың теңгеден басталып, мөлшері әр маусымда өзгеріп отырды. Атаулы әлеуметтік көмек ата-ана қамқорлығынан айырылған балаларға, жан басына шаққанда табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен аз және әлеуметтік көмекке құқылы отбасыларға беріледі. Бұл санаттағы балалардың саны – 450 мың. Тамыз айындағы көрсеткіш бойынша 200 мың баланың ата-аналар есепшотына 8 млрд тг астам жәрдемақы аударылды. Төтенше жағдай салдарына тап болған отбасы балалары да қаржылай көмексіз қалмайды.