Маңғыстау облысын ауызсумен қамтуға ₸5,08 млрд бөлінді

Ақтаудағы «Каспий» су тұщыту зауытын кеңейту» жобасын аяқтау үшін Үкімет резервінен 5,08 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тиісті қаулыға Премьер-министр Әлихан Смайылов қол қойды. Аталған жобаны толық іске асыру өңірде ауызсу өндіру көлемін тәулігіне 40 мың текше метрге дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Ал бұған дейін кәсіпорын 2 есе аз мөлшерде су тұщыта алды. Маңғыстау облысы әкімдігінің ақпараты бойынша, бүгінде «Каспий» су тұщыту зауытындағы құрылыс-монтаждау жұмыстары 80%-ке орындалған.