Елордада ДДҰ Еуропалық өңірлік комитетінің 73-ші сессиясы өтеді

22-23 қазан күндері Астанада өтетін Медициналық-санитариялық алғашқы көмек бойынша Жаһандық конференцияда халық денсаулығын нығайтуға бағытталған нақты шешімдер әзірлеу жоспарланып отыр.

Алқалы жиынға 80 елден келетін 650 делегат пен онлайн форматта 2000-ға дейін маман қатысады.

Ал 23 қазандағы отырысқа Премьер-министр Әлихан Смайылов, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының директоры Тедрос Гебрейесус, ЮНИСЕФ атқарушы директоры Кетрин Рассел төбе көрсетеді деп күтілуде. Шараға дайындықты пысықтаған брифингте Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Еуропа бюросының өңірлік директоры доктор Ханс Клюгеге қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірді.

Сондай-ақ 24-26 қазан күндері елордада Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Еуропалық өңірлік комитетінің 73-ші сессиясы өтеді. Оған 53 елдің денсаулық сақтау министрі қатысады деп күтілуде.