Алматыда «Қазақстан аруы» байқауына ашық кастинг өтті

Оған талап бойынша 18 бен 25 жас аралығындағы бойы 165 см-ден ұзын қыздар қатысты.

Ал Астанадағы ашық кастинг 12-ші тамызға жоспарланған. «Қазақстан аруы» үш халықаралық лицензияға ие. Бұл сайыс жеңімпаздарға «Әлем аруы», «Жер аруы» және «Ғалам аруы» байқауларына қатысуға мүмкіндік береді.

Еске сала кетейік, былтыр жүлдегер  атанған Томирис Кәкімова 9 желтоқсанда Үндістанда болатын «Әлем аруы» байқауына қатысады. Алматыдағы кастингке 100-ге жуық бойжеткен келіп, бақтарын сынап көрді. Олар өздерін таныстырып, әділқазылар қойған танымдық сұрақтарға жауап берді. Биыл бұл шара Алматыда Республика сарайында 7 қазан күні  27-ші мәрте өткелі отыр.

Айдай Исаева, "Қазақстан АРУЫ" ұлттық байқауының президенті:

- Негізі 15 қыркүйекке дейн іріктеуді аяқтаймыз. Мәселен, былтыр 20 мыңнан астам қыздар анкетаға өтінім білдірген болатын. Біз аймақтық қыздарды да іріктеп аламыз. Соңында  25 іріктеуден өткен қыздарды «Қазақстан аруы» ұлттық байқауына қатыстыратын боламыз.