Қостанай облысында 174 ауылда интернет сапасы жақсарады

Қостанай облысында алдағы үш жылда 174 ауыл жылдамдығы 4G интернет желісіне қосылады.

Ұялы байланыс операторларының бірі бұл жобаға, үш жарым миллиард тенге инвестиция салуды көздеп отыр. Бұл қаражат қажетті құрал-жабдықтарды алуға жұмсалады. Ал антеннаны электр жүйесіне қосу бюджет есебінен атқарылады. Оған төрт жарым миллиард тенге қаралған. Қазіргі кезде өңірдегі 186 елді мекенде ғаламтор желісінің қуаты 2 және 3G шамасында. 33 ауылда тіптен байланыс жоқ. Биыл оператор он базалық станция орнатуды жоспарлап отыр. Бұл 20 елді мекенде интернет сапасын біршама көтеруге мүмкіндік береді.