Президент Жарлығымен Алматыдағы өрт кезінде жанқиярлық танытқан бір топ азамат марапатталды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Алматыдағы "Ақ-кент" ықшам ауданында болған өрт кезінде жанқиярлық танытқан бір топ азамат "Ерлігі үшін" медалімен  марапатталды.

Еске салайын, бірінші тамызда Алматыдағы көпқабатты үйлердің бірін өрт шалып, Тілеужан Ахметханов, Шюкрю Гюнай, Эльдар Исмаилов, Халил Йерделен, Кенан Мамедов, Вадим Романовтар адам өмірін сақтап қалуға барын салды. Бәрі де қиын-қыстау жағдайда көрсеткен ержүректігімен көзге түсті.