LRT келесі жылы іске қосылады

LRT келесі жылдың соңына қарай іске қосылады.

Маршруттың жалпы ұзындығы 22,4 шақырым болады. Оның бойында 18 станция салу көзделген. Көлік автоматты түрде қашықтан басқарылады. Алғашқы кезеңде 8 станция пайдалануға беріледі. Қалған 10-ының құрылысын 2026 жылы аяқтау көзделіп отыр. Жоба толық жүзеге асса, тәулігіне 25 мың жолаушыға дейін қызмет көрсетіледі.