Елде жүргізуші куәлігіне тест тапсыру ережесі өзгерді

Емтихан алушының биометриялық дерегі міндеттеліп, тестілеудің барлық процесіне бейнетіркеу енгізілді.

Емтиханды қайта тапсыру регламенті де өзгерді. Мұндай шешім Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен ІІМ бірлесіп жүргізген мониторингтен кейін қабылданып отыр. Тексеріс кезінде ақпараттық жүйе мен автокөлікті тіркеу және емтихандарды қабылдау процесінде олқылықтар анықталған. Автомектептерде атүсті оқыту сынды кемшілік тағы бар. Осыған орай уәкілетті мемлекеттік органдарға 22 ұсыныс жолданып, оның басым бөлігі орындалды. Алайда заңсыз құжат алушылар әлі де болуы мүмкін. Мұндай жағдайға тап болсаңыз, 1424 нөміріне хабарласуға болады.