Жыл соңына дейін 199 елді мекенде жаңадан әкімдер сайланады

20 тамызда 3 облыстағы 21 ауыл әкімінің сайлауы өтеді.

Ал жыл соңына дейін 199 елді мекенде жаңадан әкімдер сайланады. Бұл туралы Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин телеграмм каналында жазды. Соңғы екі жылда Президенттің саяси реформалар бағдарламасы аясында ауыл әкімдерін халықтың өзі тікелей сайлайтын болды. Осы уақытқа дейін 1 668 ауыл, ауылдық округ, аудандық маңызы бар қала әкімдері сайланды. Сондай-ақ сайланған әкімдердің жартысынан астамы бұрын мұндай қызмет атқармаған.

Цитата:

Ерлан Қарин,  Қазақстан Республикасының мемлекеттік кеңесшісі:

- Бұл ауыл әкімдерінің корпусы айтарлықтай жаңарды деген сөз. Бұдан бөлек жергілікті әкімдердің құрамы да біршама «жасарды». Бүгінде сайланған әкімдердің орташа жасы 45 жасты құрайды. Алдағы жексенбіде, 20 тамыз күні 3 облыстағы 21 ауыл әкімінің сайлауы өтеді. 2023 жылдың соңына дейін барлығы 199 елді мекенде жаңадан әкімдер сайланады. Осылайша, ауыл әкімдерін сайлау еліміздің саяси өмірінде қалыпты құбылысқа айналды.