Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде қаза тапқан екі қазақстандық жауынгердің сүйегі елге қайтарылады

Сарбаздардың медальонында сақталған құжаттардың арқасында олардың кім екені анықталған.

Марқұмдар - Жетісу облысының тумасы Филипп Парасенко мен Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген Иван Сурнин. Бірі 39, екіншісі 29 жастағы жауынгерлер Ржев түбіндегі шайқаста қаза тапқан. Иван Сурнинің туыстары табылған, енді Филипп Парасенконың жақындары іздестіріліп жатыр. Тақауда сарбаздардың сүйегі Қазақстанға жеткізіліп, жерленеді.

Мұрат Молдағалиев, "Atamnyn amanaty" қоры басқарма төрағасы:

-  Осы жылдары мұрағатта іздеп, екі жарым мыңнан аса адамның тағдырын анықтадық. Майданға кетіп, оралмаған туыстары мен жақындарын іздеген Қазақстан азаматтарынан 7 мыңнан астам арыз түсті. Бұл жұмысты үнемі атқарып келеміз. Қазір есімдерін анықтайтын жеті қазақстандық жауынгердің сүйегі бар.